Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда референдум өткізілді деп есептеуге болады

Қазақстанда референдум өткізілді деп есептеуге болады

Қазақстан. 5 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда іс жүзінде референдум өткізілді деп есептеуге болады. Бұл туралы брифингте Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцева айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Заңға сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өтті деп есептеледі. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының мәліметтері бойынша келудің белгіленген шегіне қол жеткізілді», – деді брифингте Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцев.

Айта кетейік, қазақстандықтар референдумда түзетулерге «мақұл» немесе «қарсы» дауыс береді.

Референдумда 11,7 миллионнан астам Қазақстан азаматы дауыс бере алады. Елде барлығы 10 мыңнан астам референдум өткізу орны құрылды. Шетелде 65 сайлау учаскесі әлемнің 52 елінде жұмыс істеуде.

Похожие материалы