Қазақстан. 14 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда «Электр самокаттары» ұлттық стандартының жобасы әзірленді. Құжатта самокаттардың максималды жылдамдығы – 25 км/сағ дейін екені қарастырылған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Жобада жаяу жүргіншілер режимінің мүмкіндігі де қарастырылған.
«Ішкі істер министрлігі бастамашы болған стандарттың аясында, самокаттың максималды жылдамдығын 25 км/сағ дейін қойдық, сонымен қатар жаяу жүргіншілер режимінің мүмкіндігін қарастырдық. Скутерді өндірушінің өзі самокатты тікелей пайдаланатын адамның бойына, салмағына және жасына қатысты нұсқауларды қамтамасыз етуі керек. Ал техникалық жағынан қойылатын талап – самокаттың жарыққа шағылысатын таңбасы болуы керек», – деді Доңғалақты және ауыл шаруашылығы машиналарын стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің төрағасы Ербол Сейпілов.
Алдағы уақытта фаралар мен сигналдың міндетті түрде болуы туралы талапты енгізу жоспарланып отыр. Сонымет қатар, электр самокатымен жалпы жолдарда тек жүру бөлігінің оң жақ жиегімен жүруіне рұқсат етіледі деп күтілуде.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің статистикасы бойынша, 2021 жылы самокат жүргізушілерімен 68 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 71 адам жарақат алған. Биыл самокат жүргізушілерінің 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұндай жол апаты көбіне Алматыда болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024