Нұр-Сұлтан. 21 шілде. 7kun.kz – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізіміне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Осылайша, мерекелік күндер тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір.
үсіндірме жазбада айтылғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ( ТКШ) саласының қызметкерлері тәулік бойы ел халқын жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалайды, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарып, азаматтардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.
ТКШ қызметкерлері күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтетін және ТМД-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Ресейде, Беларуссияда, Украинада, Өзбекстанда әлі де мерекелік күн ретінде атап өтіледі.
Министрлік хабарлауынша, бұл мерекенің белгіленуі осы салаға ардагерлерді алмастыратын жас мамандар мен жоғары білікті инженерлердің келуіне, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мамандығының беделін және олардың кәсіби мақтаныштарын арттыруға ықпал етеді.
Қаулы жобасы 2 тамызға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024