Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша бір жылда такси ақысы 12,2%-ға өскен, деп хабарлайды Energyprom.kz
Өңірлік тұрғыда бағаның ең елеулі өсуі Атырау облысында сезілді, жылына бірден 37,5% қымбаттаған. Екінші және үшінші орында Жетісу және Абай облыстары тұр, 33% және 31,2%.
Ал ең аз жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді, 0,5%. Тағы үш облыста – Қарағанды, Түркістан және Ұлытауда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
2023 жылдың 14 ақпанындағы Numbeo деректері бойынша ТМД елдері арасында «таксиі арзан» елдердің алғашқы ондығына Армения мен Өзбекстан (әрқайсысы $0,26), Украина, Молдова және Ресей (әрқайсысы $0,27) кірді. Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзірбайжанда (0,59 доллар) такси қызметі қымбатырақ болды.
Ең жоғары баға Швейцарияда (4,25 доллар), Кувейтте (3,27 доллар) және Ямайкада (3,26 доллар) тіркелді.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы құндық мәнде бір жылда 16% өсіп, 5 млрд теңгеге жетті.
Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында байқалды, бұл саладағы компаниялардың табысы бір жыл ішінде 49,5% өсіп, 2,1 млрд теңгеге жетті. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (1,1 млрд теңге, 0,2% көбейген) және Алматы (1 млрд теңге, 0,9% азайған) қалалары кірді.
Осы кезеңде такси қызметін 2,4 млрд жолаушы пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2% аз. Жолаушылар айналымы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,6% төмендеп, 33,9 млрд жкм құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024