Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz - Жаздың соңғы айында кондитерлік өнімдердің бағасы шілде айымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ, алайда жылдық динамикада өсім байқалды, деп хабарлайды Energyprom.kz.
2019 жылдың тамыз айының соңында бір килограмм қантты печеньенің құны 591,8 теңгені құрады — бір ай бұрынғы көрсеткіштен 0,3%-ға және өткен жылдың сәйкес кезеңінің орташа бағасынан 5,7%-ға артық. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері арасында қант печеньесінің ең жоғары бағасы Ақтауда (кг үшін 755 тг), Алматыда (кг үшін 726 тг) және Нұр-Сұлтанда (кг үшін 717 тг) байқалады.
Бір айда пряник бағасы 1,1%-ға, килограммыүшін 587,9 теңгеге дейін өсті, бұл ретте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім бірден 8,6%-ды құрады. Нұр-Сұлтан (кг үшін 863 тг), Ақтау (кг үшін 831 тг) және Алматы (кг үшін 776 тг) тұрғындарына пряникті алу қымбатқа түседі.
Жеміс-жидекті карамель бір жыл ішінде 6,1%-ға, килограммына 701,1 теңгеге дейін қымбаттады; бір ай ішінде тек 0,2%-ға өсті. Сектордағы ең жоғары баға Ақтауда (кг үшін 904 тг), Қызылордада (кг үшін 778 тг) және Нұр-Сұлтанда (кг үшін 775 тг) тіркелді.
Шоколад жалатылмаған кәмпиттер бағасы 7,2%-ға, әр килограмм үшін 1066,8 теңгеге дейін өсті. Ең қымбат кәмпиттер - Ақтау (кг-ға 1,303 тг), Көкшетау (кг-ға 1,170 тг) және Алматыда (кг-ға 1313 тг).
Сонымен қатар, кейбір номенклатуралар бойынша кондитерлік өнімдер өндірісі айтарлықтай қысқарды. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында бөлшектеп сақтаудағы пирожный және басқа да жаңа піскен ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өндірісі жылына 29,8%-ға, 33,4 мың тоннадан 23,4 мың тоннаға дейін азайды. Кептірілген нан мен печенье, өзге де кондитерлік өнімдер мен ұзақ сақталатын бәліштерді шығару өзгеріссіз қалды және 69,8 мың тоннаны (бір жыл бұрын — 69 мың тонна) құрады.
Шоколад, сондай-ақ шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі бір жылда 10,7%-ға, сегіз айдың қорытындысы бойынша 60,8 мың тоннаға дейін қысқарды (бір жыл бұрын - 68,1 мың тонна). Айта кетерлігі, 2018 жылы сектордағы өндіріс 103,9 мың тоннаны құрады, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 116,9 мың тоннаға жеткен.
Соныменқатар, өндіріспен бірге сектордағы экспорт айтарлықтай қысқарды. 2019 жылдың қаңтар–шілде айларында қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер экспорты 26,3 мың тоннаны құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (77,9 мың тонна) 66,2%-ға кем. Ақшалай мәнде экспорттың бір жылда 52,5%-ға қысқаруы байқалады - 47,5 млн доллардан 22,6 млн долларға дейін.
Қазақстандық қант пен кондитерлік өнімдері экспорттының басым бөлігі ТМД елдеріне тиесілі: жалпы көлемнің 96,5%-ы немесе 25,4 мың тонна. Қазақстаннан ең көп импорттайтын елдер - Ресей (15,6 мың тонна), Өзбекстан (6 мың тонна) және Тәжікстан (1,8 мың тонна).
Дәнді дақылдардан, ұннан, крахмалдан немесе сүттен және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер экспорты жылына 60,4%-ға ұлғайды және 37,4 мың тоннаны құрады (бір жыл бұрын-23,6 мың тонна).