Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тауарлар импорты мен экспорты артты

Қазақстанда тауарлар импорты мен экспорты артты

Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанда тауарлар импорты 6,1-ға өсіп, 7,8 млрд долларға жетті. Ал тауарлар экспорты 9,9%-ға ұлғайып, 15 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық Банктің 2019 жылдың І тоқсанындағы төлем балансы бойынша есебінде айтылған.

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы І тоқсанда төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен қалыптасты және тапшылық 0,8 млрд долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 0,9 млрд доллар болды. Ағымдағы шоттағы жағдайдың оң өзгеруі сауда балансы профицитінің артуына байланысты. Ол алдын ала деректер бойынша 7,1 млрд долларды құрады, қсім - 14,4%.

«Тікелей шетелдік инвесторлардың кірісі 16,9% -ға 4,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Резидент еместердің тікелей инвестициялардан түскен кірістерінің жартысынан астамы еншілес қазақстандық кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды. Алдын ала мәліметтер бойынша қаржы шоты (Ұлттық банктің резервтік активтерінен басқа) 3,2 млрд доллар оң сальдомен қалыптасты, бұл резиденттердің сыртқы активтерінің өсуімен байланысты», - делінген ҰБ хабарламасында.

Бұдан басқа, тікелей шетелдік инвестициялар бойынша капиталдың таза ағыны 2,4 млрд доллар болды. Капитал ағыны шетелдік аффилиирленген компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өзінің борыштық міндеттемелерін өтеумен және резидент еместердің кірістерін қайта инвестициялаумен қамтамасыз етілді.

«Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза ағыны 4,8 млрд долларды құрады, ол резиденттердің шетелдік активтерінің өсуімен және резиденттердің бұрын шығарылған еурооблигацияларды өтеу нәтижесінде міндеттемелерінің қысқаруымен байланысты. Резидент еместердің қайталама нарықта Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алуы портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың кетуін ішінара қаржыландырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қаржы реттеушісінде атап өткендей, 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша резервтік активтер (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) 27 млрд АҚШ долларына бағаланған. Бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,1 айын қаржыландыру қажеттілігін қамтиды.

Похожие материалы