Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің экспорты бір жыл ішінде 3,7% -ға төмендеп, 32,9 млрд долларды құрады.Сонымен қатар 2018 жылдың 12 айында тауарлар мен қызметтердің экспорты 61 млрд долларды құрады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлайды.
2019 жылы тауар айналымының өсуі импорттың 11,7%-ға өсуіне байланысты. Жеті айдағы сома 20,9 млрд долларды, тауар айналымындағы үлес — 38,8%-ды (бір жыл бұрын — 18,7 млрд доллар немесе тауар айналымының 35,3%-ы) құрады.
2019 жылдың жеті айында тауарлар мен қызметтердің көп бөлігі Италияға экспортталды: 4,7 млрд доллар (бір жыл бұрын — 6,6 млрд доллар). Қытай мен Ресейге экспорт тиісінше 4,6 млрд және 3 млрд долларды құрады. Қазақстаннан экспорт бойынша серіктес елдердің алғашқы бестігін Нидерланды мен Франция түйіндеді: сәйкесінше 2,3 млрд және 2,2 млрд доллар. Үздік ондыққа Корея Республикасы, Испания, Түркия, Швейцария және Өзбекстан кірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024