Ұлттық Банк алаяқтардың көбейгенін ескертеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Олар қандай да бір алаяқтық әрекет бойынша істің мән-жайын анықтамақ болып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, қазақстандықтардың дербес деректерін алуға тырысады.
Алаяқтар телефон арқылы түрлі сылтау айтып, азаматтарды мобильді құрылғысына банк қосымшаларын немесе қашықтан басқаруға арналған сервисті орнатуға үгіттейді. Содан кейін қаскөйлер смартфонды қашықтан толық басқаруға мүмкіндік алып, шот ашады, несие рәсімдейді және ақшалай ұрлайды.
Атап өтетін жайт, алаяқ телефон шалғанда әңгіме арасында дербес әрі жабық деректерді (шотта сақтаулы соманы, СМС пен CVV кодтарды) беруді талап етеді.
Пайдаланушының дербес деректеріне қатысты кез келген ақпаратқа қол жеткізу үшін қаскөйлер неше түрлі қитұрқы әрекеттерге барады, соның ішінде жалған құжаттарды ұсынады. Яғни олар Ұлттық Банк қызметкерінің жеке басын растайтын құжаттарды, сондай-ақ азаматтардың қаражатымен жасалатын ақшалай операцияларға тән хаттарды немесе анықтамаларды қолдан жасайды.
Алаяқтардың түпкі мақсаты – қолға түсірген деректер арқылы ақша жымқыру және азаматтарға ауқымды материалдық залал келтіру.
Есіңізде болсын, Қазақстан Ұлттық Банкі:
- жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасаспайды;
- ҚР азаматының шотына қатысты қандай да бір алаяқтық әрекет, дербес деректердің жария етілуі және екінші деңгейлі банктерде несие ресімдеу секілді мәселелер бойынша жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды;
- ҚҰБ-тағы шоттар тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің және саны шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылуы мүмкін.
«Ұлттық Банктің» атынан күдікті хаттар алсаңыз немесе осыған ұқсас қоңырау қабылдасаңыз құқық қорғау органдарына хабар берген абзал.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024