Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстан су көлігі кәсіпорындарының табысы 1,5 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, сектордағы 1,4 млрд теңге табыс теңіз және жағалау көліктеріне тиесілі. Бір жыл ішінде көрсеткіш 51,4%-ға қысқарды. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Ішкі су көлігінің табысы бір жыл ішінде 46,5%-ға, 62,4 млн теңгеге дейін өсті, оның 60,8 млн теңгесі — жүк және багажды тасымалдаудан, тек 1,6 млн теңгесі — жолаушылар тасымалынан.
2019 жылғы қаңтар–мамырдағы теңіз және жағалау көлігі кірістерінің құрылымы бойынша деректерді Статистика комитеті ұсынбайды, алайда жүк тасымалдаудан түскен табыстар бір жыл ішінде 57,9%-ға (жыл бұрын 3 млрд теңге болған), жолаушылар тасымалынан түскен табыстар 60,2%-ға (өткен жылы 16,7 млн теңге болған) қысқарғаны белгілі.
Жолаушыларды тасымалдау көлемі ішкі су, сондай—ақ теңіз және жағалау көлігінде тиісінше 62,4% және 57%-ға қысқарды. 2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында теңіз және жағалау көлігімен 8 мың жолаушы тасымалданды. Ішкі су көлігі бойынша деректер жоқ.
2019 жылғы қаңтар–мамырда ішкі су көлігінде жүк пен багажды тасымалдау көлемі 258,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен екі есе көп. 2019 жылғы қаңтар–мамырда теңіз және жағалау көлігіндегі жүк тасымалдау көлемі бойынша деректер жоқ, бірақ көрсеткіш өткен жылға қарағанда 72,2%-ға аз екені белгілі (2018 жылғы қаңтар-мамырда — 1,2 млн тонна).
2019 жылдың қаңтар–мамыр айларында ішкі су көлігіндегі жүк айналымы 1,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық. Жолаушылар айналымы, керісінше, 82,9%-ға қысқарды.
Теңіз және жағалау көлігінде жүк айналымы (61,1%-ға), сондай-ақ жолаушылар айналымы (63%-ға) қысқарды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда екі порт бар — Ақтау және Құрық, сондай-ақ Ақтау портының бөлімшесі болып табылатын Баутино жүк ауданы жұмыс істейді. Оның 3,6 млн тоннасы Ақтау портына, 1,6 млн тоннасы Құрық портына және 1 мың тоннасы Баутино жүк ауданына тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024