
Астана. 14 маусым. 7kun.kz - 2016 жылғы қаңтар-сәуірде елімізде 221736 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,1% - ға кем. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жеңіл автомобильдердің барлық саны 5897,9 мың бірлікті құрады, соның ішінде тіркеуден шығарылған – 2041,9 мың бірлік, тіркелгендер - 3856,0 мың бірлік.