Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың қыркүйек айында 2018 жылдың осы айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 4,4%-ға, абаттандырылған тұрғын үйлерді қайта сату – 5,5%-ға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді сату - 4,5%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінде.
Республика бойынша бастапқы, таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 2019 жылғы қыркүйекте 285,6 мың теңгені құрады. Екінші нарықта абаттандырылған тұрғын үйді сатып алу айтарлықтай арзан болды – 1 шаршы метр үшін 197,3 мың теңге, абаттандырылмаған тұрғын үй – 123,3 мың теңге.
Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беру нарығында да байқалды – 2018 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 6,3%-ға қымбаттады. Бір шаршы метрді жалға алу ел бойынша орташа есеппен өткен айда 1470 теңгені құрады.
Сондай-ақ, 2019 жылғы қыркүйекте осы жылдың тамызымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,4%-ға, абаттандырылған және жайлы емес тұрғын үйлерді қайта сату - 0,3%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 1%-ға жоғары болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024