Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — 2019 жылғы қазанда жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 289,9 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы қазанға қарағанда 9,3%-ға артық (265,3 мың теңге), деп Статистика комитеті хабарлады.
Абаттандырылған екінші деңгейлі тұрғын үй бір жыл ішінде 7,5%-ға, шаршы метр үшін 184,9 мың теңгеден 198,7 мың теңгеге дейін қымбаттады. Жалға берілетін тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 8,6%-ға, 1,5 мың теңгеге дейін көтерілді.
Сонымен қатар, өткен аймен салыстырғанда республика бойынша орташа есеппен жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрін сату бағасы 1,5%-ға, абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату - тиісінше 0,7%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы 0,9%ға жоғары болды.
Өңірлік бөліністе тұрғын үйдің ең жоғары бағасы үш мегаполис пен Атырауда тіркелді. Ал Қазақстанның оңтүстігі мен Ақтөбеде жылжымайтын мүлік құны арзан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024