Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бағасы төмендеді

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бағасы төмендеді

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстандық құрылысшылар тұрғын үй құрылысының өзіндік бағасын төмендетіп жатыр. Орташа есеппен жаңа тұрғын үйдегі шаршы метр 110 мың теңгеден 104 мың теңгеге арзандаған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Мамандардың айтуынша, Алматыда шаршы метрдің бағасы 1 жылда 26,4 мың теңгеге арзандаған.

Тұрғын үй құрылысы Қазақстан экономикасы өсімінің басты көздерінің бірі болып саналады. Соңғы жылда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестицияның көлемі 1 триллион теңгеден асты.

Жекеменшік құрылысшылар инвестиция көлемін 29% көбейтсе, жеке құрылысшылар бұл көрсеткішті 41% көбейткен. Дегенмен инвестиция көлемі артып жатыр.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында сатып алу және сату бойынша жасалған келісімшарттардың саны 243-ке жеткені айтылады.

Похожие материалы