Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы бағалар алғаш рет арзандады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, айлық (2022 жылғы желтоқсан 2022 жылғы қарашаға қарағанда) мәнде пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.
Желтоқсанда тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады. Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.
Жалпы бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті.
Тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.
Өңірлер бойынша бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға бір жылда Ақтөбеде – 29,3%, Ақтауда – 26,6%, Семейде – 22,3% айтарлықтай қымбаттады.
Қолданыстағы пәтерлер бойынша баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%). Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласы (53,1%) қатты қымбаттады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024