Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Қазақстанда заңсыз діни басқосуларға бұдай былай тыйым салынуы мүмкін деп жазады Tengrinews.kz.
«Көбіне радикалдар өз жолдарын мешітте насихаттамайды. Мешіттерде бұрынғыдан қарағанда бақылау жүргізіледі. Көбіне үгіттеу мешіттен тыс, пәтерлердегі жабық кездесулерде жүргізіледі. Біз қазір осыған сәйкес заңнаманың бөліктеріне өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Оларға үгіт-насихат жүргізуге жол бермей, заңсыз кездесу ұйымдастыратын болса жазалау қажет. Себебі, заң бойынша, ағарту жұмыстарын тек арнайы мекемелер жүргізуге құқылы», - деді «Эксперт» клубының отырысында дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ғалым Шойкин. Журналистерге берген сұхбатында ол заңда мұндай механизм бар екенін, тек солардың қолданылу аясын кеңейту керек деп нақтылады. Ғалым Шойкин, сонымен қатар, «Бұл біздің тәжірибемізде бар, біз 2011 жылдан бері мұндай қағиданы іске асырып келеміз. Айтып отырғанымыз, қандай да бір діни жиналыс өткізбес бұрын әкімдіктен рұқсат алу қажет, яғни арнайы мекемелерден бөлек барлық жиналыстар үшін бұл міндетті. Мысалы, қазір протестанттық, христиандық ұйымдар осылай жасайды – әкімдіктен рұқсат алып, жиналыстар ұйымдастырады», - деп айтып өтті. Одан бөлек, комитет төрағасы пәтерлердегі заңсыз жиналыстар жайлы әлі депутаттармен ақылдасып, адам құқына қатысты халықаралық қағидалар ескерілетінін де тілгі тиек етті. «Адамдар мұндай ақпаратты хабарласып айта алатын жедел телефон номері бар. Біз учаскелік полицейлерден осы жағдайды жіті бақылауын талап етеміз. Себебі, пәтерлерде осындай алдау-арбау жұмыстары жүргізіліп жатқанда, біз қол қусырып отыра алмаймыз», - деп қортындылады дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024