Нұр-Сұлтан. 12 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандықтарды зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі Үкіметте қаралатын болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Ералы Тоғжановтан қазақстандықтардың, соның ішінде зиянды өндірісте еңбек ететіндердің, әйелдердің зейнеткерлік жасын қысқартуды жоспарлап отыр ма деп сұраған.
"Мәселе талқыланатын болады. Бұл оңай шешілер мәселе емес. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Халықаралық тәжірибе зейнет жасын жалпыға бірдей төмендеу туралы айтпайды. Бұл мәселені тек кеншілер ғана көтеріп жүрген жоқ. Бүгінде бұл мәселені мүгедек балалары бар аналар да көтеруде. Сондықтан талқылайтын боламыз", - деді Ералы Тоғжанов.
Ол сондай-ақ әлеуметтік кодексті жыл соңына дейін қабылдау жоспарланып отырғанын еске салды. Қазақстанда әйелдердің орташа зейнет жасы 60-61 жас деңгейінде.
Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғайды. Мәселен, егер 2021 жылы әйелдер 60 жасында зейнетке шықса, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап олар 60 жасқа толған соң 6 айдан кейін зейнетке шығады. Ерлер зейнетке 63 жасында шығады.
Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов жуырда зиянды және қауіпті өндіріс қызметкерлерінің зейнетақы жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024