Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – 2022 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстандағы ең танымал автомобиль маркаларының бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Kolesa.kz сайтының мәліметі бойынша ресми дистрибьюторларда көлік бағасының өзгеруі наурыз айында басталды. Бұл құбылысқа әсер еткен себептер бірнеше: теңгенің әлсіреуі, пандемия, экономикалық санкцияларға байланысты көліктің қосалқы бөлшектер мен басқа да компоненттерді жеткізудің қиындауы. Бұл ретте, Қазақстаннан басқа бүкіл әлемде жаңа машиналардың сатылуы төмендеп жатқаны белгілі. Алайда сату көлемімен бірге кейбір жағдайларда жаңа көліктің бағалары 10-нан 20%-ға дейін өсуде.
Қазақстанда ең танымал әрі сұранысқа ие бірнеше марканың бағасында өзгеріс байқалған.
Chevrolet
Ең танымал Cobalt және Nexia модельдері бастапқы жиынтықта 2022 жылдың 4 айында 1 млн.ға қымбаттады. Ал ең толық жиынтықтар 800 мың және 1,1 млн теңгеге өскен. Қазір Cobalt құны 6,5-7 млн теңге, ал Nexia – 6,2-6,7 млн теңге аралығында тұр. Tracker кроссовері базалық жиынтықта 10,7 млн теңгеге (1,4 млн теңгеге өскен) және толық жиынтықта 11 млн теңгеге (1,2 млн теңге өскен) бағаланады.
Hyundai
2022 жылдың ақпан айының соңында бірінші болып Аccent седаны қымбаттады. Ол бұрын 6,4 - 7,5 млн. теңге аралында сатылған. Енді бағалар былайша өзгерді: ең қолжетімді жиынтық (қозғалтқыш көлемі 1,4 литр, механикалық беріліс қорабы) 10,9% – ға қымбаттады және 7,1 млн теңгеге өсті, ең қымбаты (1,6 литр және автоматты беріліс қорабы) - 9,3% - ға өсті, бұның бағасы 8,2 млн теңге. Hyundai маркалы машиналардың орташа құны 800 мың - 1,8 млн теңгеге өсті.
Kia
Аталған маркалы көліктерде бағаның өсуі барлық модельдік қатарға әсер етті, ал баға 500 мыңнан 2,2 млн теңгеге дейін өсті. Premium нұсқасындағы танымал Rio седаны 14,6% - ға қымбаттады және 10,2 млн теңге тұрады. Ал сол санаттағы Cerato моделі 12,7 млн теңге (өсім 8,54%). Sorento моделі толық жиынтықта 2,2 млн теңге (10,8%) қосты.
Lada
Granta моделінің
ең қолжетімді жиынтығы бұрын 3,7 млн теңгеге жуық тұрды. Алайда, қазір оның
бағасы 4,7 млн теңгеге жетті. Жалпы, барлық модельдер 1 млн теңгеге қымбаттады.
Тек Niva Travel 30-дан 300 мың теңгеге дейін қосты. Еске сала кетейік, бұдан
бұрын Қостанай облысынан ресейліктердің автомобильдерді жаппай сатып алуы
туралы хабарланған болатын.
T
Toyota
Сарапшылардың айтуынша, жапондық маркалы машиналардың барлық модельдеріне баға өскен. Мысалы, бірден люкс жиынтықтағы Toyota Land Cruiser Prado моделі 20,8% - ға (7,5 млн теңге) қымбаттады, енді ол бұрын 36 млн теңгеге сатылса, қазір 43,5 млн теңге тұрады. Toyota Camry "Стандарт" минималды жиынтықта 14,9 млн теңгеге дейін қымбаттады (жыл басынан бері 18,2% қосқан).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024