Нұр-Сұлтан. 29 маусым. 7kun.kz – Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева балаларға ЖСН-ді дүниеге келген бойда беруді ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Депутат соңғы уақытта сәбилерді қоқысқа тастау, маугли балалар мен басқа да қайғылы оқиғалар туралы жағымсыз жаңалықтар жиілеп кеткенін атап өтті.
«Жақында жаңа туған нәрестелерді сатуға арналған тұтас интернет-порталдың қызметі анықталды. Құқықтық мемлекетте бұл қалай мүмкін? Әрине, неке және отбасы, туралы заңдар БАҚ беттерінде бұзылды. Адам саудасы фактісі орын алды. Бұл заңсыз әрекеттердің барлығы қазірдің өзінде тексеріліп жатыр», – деді депутат.
Смышляева осы тізбектен себеп-салдар байланысты қадағалау өте қиын екенін айтты. Өйткені бала өмірге келгенімен, заң бойынша ешбір жерде тіркелмеген. Оның айтуынша, осы олқылық тіркеу процедурасынан кесірінен болып отыр.
«ЖСН нәрестеге туған кезде емес, ата-анасы оған ат қойып, тіркеу туралы өтінішпен жүгінгенде ғана беріледі. Бұл ретте процедураның өзі үш ақпараттық жүйеден өтеді – медициналық регистр (жынысы, туған күні мен анасының аты-жөні тіркеледі), әділет министрлігінің базасы (ЗАГС) және ішкі істер министрлігінің ақпарат жүйесі. Дәл осы соңғысы жаңа туған нәрестенің ЖСН-ін қалыптастырады. Алайда сәби аты-жөні тіркелгенге дейін айлар бойы "цифрлық ізсіз" жүруі мүмкін. Тіпті тіркеу актілері мүлде болмаған мысалдар да бар», – деді Мәжіліс депутаты.
Депутаттың айтуынша заң бойынша бірден рәсімделмеген балалар адам саудасы мен түрлі қылмыстық схемаларға жиі тартылады.
«Есепке алудың цифрлық құралдары қолда бола тұра, сәбиді дүниеге келген сәтте ақпараттық жүйелерде бірден тіркемеу және мемлекет қамқорлығына алмау – бұл да қылмыстық салғырттық. Осыған байланысты балаға ЖСН-ді ол туған сәтте беру қажет деп санаймыз», - деді Екатерина Смышляева.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024