Қазақстан. 20 сәуір. 7kun.kz – Үздік үштікте сауда, көлік жөндеу және құрылыс, деп хабарлайды 7kun.kz.
Елдегі жас кәсіпкерлердің 25%-ға жуығын әйелдер құрайды.
29 жасқа дейінгі меншік иесі болып табылатын кәсіпкерлердің саны бір жыл ішінде 1,2%-ға артып, 41,3 мыңға жетті. Бірақ барлық тіркелген заңды тұлғалардың үлесінен 8,8%-дан 8,5%-ға дейін қысқарды.
Оның ішінде 29 жасқа толмаған тұлғаларға тиесілі заң компаниялар бір жыл ішінде 1%-ға, 34,1 мыңға жетті. Ал барлық жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесінен 10%-дан 9,5%-ға дейін қысқарды.
Наурыздың қорытындысы бойынша елдегі меншік иелерінің арасындағы әйелдердің үлесі екінші жыл қатарынан төрттен бірін құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 26,7%-ды, ал 2018 жылы 27,9%-ды құрады.
29 жасқа дейінгі әйелдерге тиесілі меншік иелерінің саны бір жылда 1,3%-ға өсіп, 8,5 мыңға дейін, ал ерлердікі 0,9%-ға өсіп, 25,7 мыңға жетті.
Жас кәсіпкерлер жұмыс істейтін компаниялардың көпшілігі сауда және автокөлік жөндеу саласында тіркелген: 12,6 мың. Олардан кейін құрылыс (5,4 мың), кәсіптік, ғылыми-техникалық қызмет (2 мың), көлік және қойма шаруашылығы (1,4 мың) мен білім беру (1,4 мың).
Жас кәсіпкерлердің 10,7%-ы ауылдық жерлерде кәсібін дөңгелетуде. Бұл бір жыл бұрынғыдан 7,9%-ға көбейіп, 3,6 мыңға кәсіпке жеткен. Ал қалалық жерлерде мұндай кәсіпорындардың саны 0,2%-ға өсіп, 30,5 мыңға жеткен.
Өңірлік тұрғыда 29 жасқа дейінгі қазақстандықтар иелік ететін компаниялардың жартысына жуығы тек екі мегаполиске – Алматы (9,2 мың) және Нұр-Сұлтан (7,7 мың) қалаларына тиесілі.
Мұндай кәсіпорындардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан (408), Батыс Қазақстан (550), Ақмола (647) және Қостанай (648) облыстарында байқалды.
Барлық облыстар ішінде кәсіп иесі болып табылатын 29 жасқа дейінгі әйелдердің ең көп үлесі Алматы облысында және Алматы қаласында байқалды – 27,6% және 26,9%. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 16,9%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024