Алматы.12 маусым. 7kun.kz - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі ұлықтау рәсімінде Қазақстандықтардың жас буынына үндеу жолдады.
"Жас ұрпаққа ерекше назар аударғым келеді. Сіздер Қазақстанды дамытуда шешуші рөл атқарып, прогрестің қозғаушы күші болуларыңыз тиіс. Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. "Жастар - ел тірегі" арнайы жобасы іске қосылды. Біз "Жас кәсіпкер" жастардың бизнес-бастамаларын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудамыз, жастар стартаптарды қолдайтын боламыз", - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жастарды жұмысқа орналастыру бағдарламасы енгізілетінін хабарлады.
"Менің міндетім - сіздердің ең үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, жеке табыс тарихын құруыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Жас талантты басқарушыларды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлеріне шығару үшін президенттік кадрлық резерв құрылатын болады. Біздің жастарымыз мақсатты, еңбекқор, креативті, сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда", - деп атап өтті ҚР Президенті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024