Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда жеңіл автомобильдер өндірісі 28%-ға, автобустар өндірісі 7 есеге артты. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
2019 жылдың қаңтар–наурыз айларында ҚР-да автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі 56,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,9%-ға артық.
Заттай көріністе 8822 көлік құралы өндірілді, бір жыл алдыңғы көрсеткіштен 30%-ға көп. Үш айда 8,3 мың бірлік (бір жылда +27,9%), 205 жүк көлігі (+15,8%), 151 тіркеме және жартылай тіркеме (+60,6%), 149 автобус (бір жылдан бірден 6,8 есе көп) және 13 бірлік өзге де мамандандырылған техника (-31,6%) шығарылды.
«2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында шығарылған автокөліктердің саны бойынша көшбасшы«АзияАвто» автомобилі болды (5049 көлік). «СарыарқаАвтоПром» зауытында тағы 3255 автокөлік шығарылды», - деп атап өтті Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығы.
Шығарылымның жартысынан астамы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі, онда 5201 жеңіл және жүк көлігі, сондай-ақ 28,6 млрд теңгеге автобустар шығарылған. Мұнда «АзияАвто», «СемАЗ» және Daewoo Bus автозауыттары бар.
Бұдан кейінгі орында Қостанай облысы — 24,7 млрд теңге, 3328 бірлік көлік техникасы. Өңірде «СарыарқаАвтоПром» автозауыты жұмыс істейді.
Ақмола облысына 1,2 млрд теңге және 78 бірлік техника келеді. Мұнда «КАМАЗ-Инжиниринг» жүк көліктерін шығаратын зауыт орналасқан.
Сондай-ақ, Алматы қаласында 978,4 млн теңгеге 37 жүк көлігі мен автобус шығарды. Аймақта Hyundai Trans Auto зауыты бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024