Алматы. 14 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың шілде айының соңында тіркелген жеңіл автомобильдер саны шамамен 3,7 млн-ды құрады - өткен айға қарағанда 0,3%-ға ғана артық, бірақ 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 5,5%-ға аз. Оның ішінде 93,9%-ы немесе 3,5 млн жеңіл автокөлік халыққа тиесілі - маусым айымен салыстырғанда 0,4%-ға және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға кем; жеңіл автокөліктер үлесі 2018 жылғы шілде айының соңында 94,6%-ды құрады. Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.
Тұрғындарда жеңіл автомобильдер санының жылдық өсуі тек 4 өңірде ғана тіркелді: Нұр-Сұлтанда — 2,6%-ға, 265 мыңға дейін; Алматы облысында — 1,2%-ға, 489,3 мыңға дейін; сондай-ақ Жамбыл және Қызылорда облыстарында - тиісінше 0,1%-ға, 196,5 мыңға дейін және 112,7 мыңға дейін. Дипломатиялық нөмірлері бар автомобильдер саны 17,7%-ға, 29,1 мыңға дейін өсті.
3-тен 7 жасқа дейінгі автокөлік саны артты: 18,2%, олардың үлесі 12,6%-дан 15,7%-ға дейін өсті. Барлық тіркелген автомобильдердің үштен екісі - 10 жастан асқандар, олардың саны бір жыл ішінде 2,9%-ға азайды, ал үлесі 63%-дан 64,8%-ға дейін өсті. Үш жасқа толмаған автомобильдердің саны едәуір төмендеді: 25,9%-ға, олардың үлесі 13,2%-дан 10,4%-ға дейін қысқарды.
ҚР-да автокөліктердің жас құрамының өзгеруіне банктер де әсер етті: қазір автокредитті 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған автокөліктерге ресімдеуге болады. Салыстыру үшін: бірнеше жыл бұрын, банктердің басым көпшілігі автомобильдің жасын 7 жасқа дейін, сирек жағдайларда - 10 жылға дейін белгіледі.
Айта кетейік, тек 5 банк пайдаланылған автомобильге автокредит ұсынады: Capital Bank, Kaspi Bank, ATFBank, Еуразиялық банк және Сбербанк.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024