Қазақстанда жұмысшылардың 14%-ы ешқандай сақтандырусыз және демалыссыз жұмыс істейді
Қазақстан. 6 мамыр. 7kun.kz – Бейресми жұмыс істейтіндердің жартысынан астамы агроөнеркәсіп саласында еңбек етеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазақстанда өткен жылы жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адамды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға артық. Оның 13,6%-ы, яғни 1,2 миллион адам бейресми жұмыс істейтіндер.
Өңірлер арасында өткен жылы бейресми жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі Оңтүстікте: Алматы (183,9 мың адам), Түркістан (137,3 мың адам) және Жамбыл (127 мың адам) облыстарының тұрғындары.
Бейресми жұмыспен қамтылған халық арасында ерлер мен әйелдердің санының айырмашылығы айтарлықтай көп емес - 577,9 мың әйел, 622,4 мың ер адамды құрады. Бейресми жұмыспен қамтылған ерлер саны бір жылда 2,8%-ға, әйелдер – 1,5%-ға қысқарды.
Бейресми жұмыс істейтіндердің жартысынан астамы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында жұмыс істеді – 653,7 мың адам. Одан кейінгі орынға сауда және автожөндеу (168,6 мың адам), сондай-ақ құрылыс (89,4 мың адам) салалары орналасты.
Жас айырмашылығы бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықтың ең көп саны 35 пен 44 жас аралығындағы жұмысшыларға тиесілі: 258,3 мың адам. Олардан кейін 45 пен 54 жас (243,3 мың адам) және 55 пен 64 жас аралығындағы (192,7 мың адам) жұмысшылар келеді.
35 пен 44 жас аралығындағы жұмыспен қамтылғандар арасында бейресми жұмыспен қамтылған халық небәрі 11,3%-ды, 65 және одан жоғары жастағы жұмысшылар арасында олардың үлесі 73,4%-ды құрады, ал 15 жастағы қызметкерлер тіпті 100%-ға бейресми жұмыспен қамтылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024