Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда жыл соңына дейін 5 млрд теңгеге төрт тоқыма өндірісі іске қосылады, - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Олардың ішінде «Бал текстиль» – кілем және кілем бұйымдарын шығаратын үшінші цех; «Назар Текстиль» – синтетикалық иірімжіп өндірісі; Azala Cotton – қоспа иірімжіп өндірісі; «Семирамида» – өндірісті жаңғырту және іш көйлектерді өндіруге арналған жаңа желіні іске қосу.
Ведомствода атап өткендей, бұл кәсіпорындар «қарапайым заттардың экономикасын» дамыту және саланың жол картасын жүзеге асыру аясында құрылған. 849 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
«Жалпы алғанда, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі артып келеді, 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында оның көлемі 16,7%-ға артты. Тоқыма бұйымдарының нақты көлем индексі 20,5%-ды, киім – 8,4%-ды, былғары және оған жататын өнімдер – 97,2%-ды құрады. Өсім мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім өндірісін ұлғайту есебінен тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінде байқалады. Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде аяқ киім өндірісі көлемінің төмендеді», – деп түсіндірді министрлікте.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024