Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – 2023 жылғы ақпанда айлық инфляция 1,3%-ды құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.
«2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%, кір сабын – 90,3%, кеңсе тауарлары – 71,8%, қияр – 56,8%, ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан, қант – 55%, консервіленген сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн 40,2% қымбаттаған. Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 2023 жылғы ақпанда инфляция 1,3%-ды құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,8%, ақылы қызметтер 1,3% өсті.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Алматы облысында – 1,8% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгісі – 0,7% Қызылорда облысында тіркелді.
Аймақтық бөліністе азық-түлік тауарлары Қарағанды облысында – 2,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында – 1,4%-ға, ақылы қызметтер Павлодар облысында – 2,9%-ға ең жоғары өсім көрсеткен.
Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтарда айлық инфляция 1,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 1,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар 0,9%-ға, ақылы қызметтер құны 0,7%-ға қымбаттады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024