Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында байланыс кәсіпорындары 450,9 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық.
Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 21,6 млрд теңге (7,3%-ға кем), интернетке қолжетімділікті ұсыну – 160,9 млрд теңге (12,5%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері – 124,9 млрд теңге (3,3%-ға кем) табыс тапты.
Қызметтердің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі кең жолақты интернетке (35,7%) және ұтқыр байланысқа (27,8%) тиесілі. Ал, өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,9%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 4,8%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,6%-ын құрады.
Шілде айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,2 млн – ға жуық, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,8 млн-ға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны шамамен 14,7 млн, тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-нан астам бірлікті құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024