Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылғы қарашаның соңындағы жағдай бойынша, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 1%-ға ұлғайып, 17 814,1 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, заңды тұлғалардың депозиттері 9 461,6 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 352,6 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға өсті.
Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 9 017,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға төмендеді, шетел валютасында 8 796,9 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2018 жылғы қарашаның соңында 49,4%-ды (2017 жылғы желтоқсанда – 47,7%-ды) құрады.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2018 жылғы қарашада 4 714,4 млрд теңгеге дейін 8,1%-ға төмендеді, шетел валютасында 4 747,2 млрд теңгеге дейін 13,3%-ға өсті (заңды тұлғалардың депозиттерінің 50,2%-ы).
Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 302,8 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 049,7 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 48,5%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,9%-ға азайып, 11 902,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 047,8 млрд теңгені, шетел валютасымен 5 855,1 млрд теңгені құрады.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 10,6%-ды (11,7%) құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024