Алматы. 21 маусым. 7kun.kz — Қазақстандықтардың кредиттік жүктемесінің Бірінші кредиттік бюросына жасалған талдауы көрсеткендей, осы жылдың 1 маусымында ипотекалық қарыз алушылардың 83,5%-ының 3,7 млн теңге көлемінде берешегі бар. Бұл туралы krisha.kz жазды.
Қарыз алушылардың 28,2%-ы орта есеппен 1-ден 3 млн теңгеге дейін, 19,2%-ы - 3-тен 5 млн теңгеге дейін, 24%-ы - 5-тен 10 млн теңгеге дейін ипотекалық несие алған.
БКБ мәліметтеріне сәйкес ең көп топтағы төлемнің орташа мөлшері 48,4 мың теңгені құрайды.
Бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы керек. "Крыша" сарапшыларының пікірінше, есепте көрсетілген төмендетілген мөлшер ҚТҚЖБ кредит беру ерекшелігіне байланысты.
Сондай-ақ ведомствода, қарыз алушылардың тек 1,4%-ы 30 млн теңгеден астам сомаға несие алғанын хабарлады. Бірақ 65 млн теңге сомасына жиынтық портфельдің 15%-ы тиесілі.
Жалпы ипотека қазақстандық банктердің кредиттік портфелінің 26%-ын қамтиды. Барлық кредиттердің жалпы санынан тұрғын үй қарыздары шамамен 5%-ды құрайды.