Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік компаниялар саны өсіп жатыр. Бір жыл ішінде олардың саны 14%-ға ұлғайды.
Қазақстанда саны жағынан ең көп шетелдік компаниялар ресейліктерге тиесілі. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 7 мыңнан асады, бұл 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 13,5%-ға көп, деп хабарлайды статистика комитеті.
Одан кейінгі орындарда Түркия (1,9 мың), Қытай (1,1 мың), Өзбекстан (1,1 мың) және Қырғызстан (928) капиталы бар компаниялар тұр. Бұл елдер бір жыл ішінде заңды тұлғалардың санын 15,5-29,2%-ға арттырды.
Сонымен қатар, компаниялардың саны ең көп мемлекеттер қатарында Әзірбайжан, Корея Республикасы, Үндістан, Беларусь, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан да өздерінің қатысуын күшейтті.
Өз кезегінде, Украинаның, Нидерландының, Біріккен Корольдіктің, Швейцарияның және Виргин аралдарының капиталымен заңды тұлғалардың саны қысқарды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024