Алматы. 12 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында байланыс кәсіпорындары 382,9 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артық.
Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 18,6 млрд теңге (7,3%-ға кем), интернетке қолжетімділікті ұсыну – 136,9 млрд теңге (11,7%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері – 105,2 млрд теңге (5,2%-ға кем) табыс тапты.
Қызметтердің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі кең жолақты интернетке (35,8%) және ұтқыр байланысқа (27,6%) тиесілі. Ал, өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,9%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 4,9%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,6%-ын құрады.
Маусым айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,3 млн – ға жуық, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,7 млн-ға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны шамамен 14,6 млн, тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-нан астам бірлікті құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024