Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық Абай Хасенов Counter-Strike-тен 100 мың доллар ұтып алды

Қазақстандық Абай Хасенов Counter-Strike-тен 100 мың доллар ұтып алды

Қазақстан. 6 маусым. 7kun.kz –Қазақстандық Абай Хасенов @hobbitzce Counter-Strike: Global Offensive бойынша IEM Dallas 2022 гранд финалында Cloud9 командасының құрамында жеңіске жетті. Бұл туралы cybersport хабарлады.

Финалда ENCE-мен кездескен Cloud9 командасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, 100 мың доллар ұтып алды. Киберспорт турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың доллар. Екінші орын алған ENCE 42 мың долларға ие болды.

Cloud9 командасы 2014 жылы Ресейде құрылған, қазіргі кезде АҚШ атынан жарыстарға қатысады. 2017 жылға дейін мүлдем табыссыз өнер көсреткен команда, 2018 жылдан бастап түрлі турнирлерден жалпы көлемі 2 153 267 доллар ұтып алған. Бүгінге дейін 776 матя өткізіп, оның 4-і тең, 327-інде жеңілген. Отандасымыз Айбар Хасенов 2022 жылдың сәуірінен бері команда құрамында.

Похожие материалы