Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық банктер 180 килодан астам алтын сатты

Қазақстандық банктер 180 килодан астам алтын сатты

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – Ұлттық Банк алтынының портфелі 2018 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша 342 тоннаны немесе 13,5 млрд АҚШ долларының баламасын құрайды, бұл бағалы металл қоры бойынша Қазақстанды 15-орынға шығарды, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Бағалы металдағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырған кезден бері Ұлттық Банк отандық өндірушілерден шамамен 221 тонна тазартылған құйма алтынды сатып алған.

2017 жылғы мамырда Ұлттық Банк халық үшін өлшеуіш тазартылған құйма алтынды сату және сатып алу жөніндегі бағдарламаны іске қосты.

Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және «Цеснабанк» АҚ арқылы сатылуда. Клиентке «күнбе күн» ақша төлей отырып, екінші деңгейдегі банктердің оларды кері сатып алуға болатындығы алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады. Алтын құймалардың 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық бес түрі бар. Бүгінгі күні банктер 180 килограмнан аса алтын сатқан.

Қазақстан өндірушілері құймаларының танымалдығын арттыру үшін Ұлттық Банк тазартылған алтынды сыртқы нарықта еркін айырбасталатын валютаға 2 тоннаға немесе отандық өндірушілерден жыл сайын сатып алынатын алтын көлемінің шамамен 4%-на дейінгі көлемде сату жөніндегі операцияны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар жергілікті нарықта толық көлемдегі алтын құймаға (салмағы шамамен 12-13 кг) сұраныс болған жағдайда Ұлттық Банк халыққа мұндай құймаларды сатуға дайын. Сатылатын құймалар инвестордың портфеліндегі маңызды актив, әртараптандыру құралы бола алады.

Похожие материалы