Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық банктер теңгелік өтімділікпен қамтамасыз етілген

Қазақстандық банктер теңгелік өтімділікпен қамтамасыз етілген

Қазақстандық банктер теңгелік өтімділікпен қамтамасыз етілген. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Оның сөзінше, теңгелік өтімділіктің шамадан тыс артық болуы 2016 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін байқалуда. «Бұл теңгемен құралдар өтімділігінің өсуі аясында салымдарды шетел валютасынан теңгеге айналдыру процесінің басталуымен байланысты», - деп түсіндірді А.Ахметов.

Ол Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарды шығару, тікелей РЕПО мәмілелерін жүргізу және екінші деңгейдегі банктерден депозиттер тарту арқылы өтімділікті алуына тура келгенін хабарлады.

«2016 жылғы ақпанның бірінші онкүндігінің соңынан бастап осы күн аралығында ақша нарығындағы мөлшерлемелер тұрақты болып қалуда», - деп атап өтті А.Ахметов.

Похожие материалы