Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Тамыз айында қазақстандық банктердің бөлімшелері 0,6% - ға азайған. 11 бөлімше жабылған, қазіргі кезде банктердің қызмет көрсетуге арналған 1915 бөлімшесі немесе қызмет көрсету ғимараты ғимараты бар. Бұл туралы ranking.kz жазды.
Осылайша, бір жылда 2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың тамызына дейін – банктердің филиалдары мен ғимараттары 5,2% немесе 105 бөлімшеге қысқарған. Олардың 52-і жабылған Qazaq Banki, Банк Астана мен Эксимбанкке тиеселі.
Қалған 28 банктің ішінде бөлімшесін Kaspi Bank көбірек қысқартқан. Бір жылда 18 бөлімше немесе қызмет көрсету ғимаратын жапқан, қазіргі кезде банкте 201 бөлімше бар. Банктің жаңа саясаты бойынша онлайн қызметтерге көбірек көңіл бөліп, әмбебап банкоматтарды көбейтуге көңіл бөлген сыңайлы. Өйткені соңғы бір жылда банк банкомат санын күрт көбейткен, енді банкомат саны бойынша тек Халық банкінен кейінгі орында.
Филиалдық желісін азайтқандардың тағы бірі – бұрынғы Цесна қазіргі FHB Jýsan Bank. Қаржы институты 17 бөлімшесін қысқартқан, қазіргі саны -138 бөлімше. Айта кетейік банк жыл басында «First Heartland Securities» АҚ сатып алынып, ребрендинг жасаған. Енді FHB Jýsan Bank деп аталады.
Халық банкі мен АТФ банк әрқайсысы 13 бөлімшесін қысқартқан. Енді Халықта 656, АТФ-та 78 бөлімше жұмыс істейді. Айта кетейік, QazKom-ды қосып алғаннан кейін Халық банкке 200 филиал мен ғимараты да берілген еді. Олардың кейбірі қысқартылған болуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024