Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтингтік компаниясы жүргізген СЕО Survey 2020 сауалнамасының нәтижелері бойынша тағы да Қазақстандағы бизнестің ең үздік басшысы болып танылды. Бұл туралы Kaspi.kz әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
«Сауалнамаға қатысқан барлық адамға және зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына рақмет айтамын. Біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту мақсатында инновациялық өнімдер мен сервистерді жасауда және дамытуда бас көтермей жұмыс істеп жүрген керемет командамыздағы әр адам бұл марапатқа лайықты. Бірге жұмыс істей отырып, біз бір-бірімізден үйренеміз, үнемі дамып, жақсара түсеміз», - дейді Михаил Ломтадзенің өзі бұл туралы.
Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан 68 ірі қазақстандық компания қатысты. Респонденттер Kaspi.kz басшысын елдегі алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда көшбасшы деп атады, сондай-ақ оның бейімделгіш, стратегиялық пайымы және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерін атап өтті.
PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 23 жыл, соңғы 8 жыл — Қазақстанда жүргізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы пікірін бағалау, бизнесті дамыту үшін тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.
Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында, ал ішінара Forbes Kazakhstan-ның маусым айындағы нөмірінде танысуға болады.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024