Қазақстандық делегация «БРИКС және ШЫҰ елдерінің Студенттік көктемі» ІІІ Халықаралық фестиваліне қатысты
Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың 4-9 маусым аралығында Ставрополь қаласында ЮНЕСКО аясында «БРИКС және ШЫҰ елдерінің Студенттік көктемі» ІІІ Халықаралық фестивалі өтуде.
Фестиваль аясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жауапты министрлердің және ведомстволар басшыларының кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысты.
Кездесу барысында басшылар елдегі жастармен жұмыс жасаудың жаңа форматтары, одан әрі ынтымақтастық идеялары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ жастардың тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі үлесін талқылады.
Мадияр Қожахмет өз сөзінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында жастар ұйымдарының ынтымақтастығы туралы айтып, сондай-ақ қатысушыларды Жастар жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.
Бұдан басқа М.Қожахмет ШЫҰ және БРИКС-қа мүше елдердің жастар іс-шараларының халықаралық күнтізбесін құру туралы бастаманы ұсынды. Бастама барлық елдер тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Фестивальдің салтанатты ашылуы ағымдағы жылғы 5 маусымда БРИКС және ШЫҰ елдерінің жастар ұжымдары мен ұйымдарының және 2,5 мыңнан астам адамның қатысуымен өтті.
Қазақстан атынан делегация құрамына жастар ұйымдарының көшбасшылары мен жас белсенділері кірді, олар жас көшбасшылар форумы, жас журналистер форумы және ШЫҰ және БРИКС елдерінің білім беру форумы сияқты алаңдарда жұмыс істейді.
Сонымен қатар, фестиваль аясында «Студенттік патшайымы» Халықаралық Грация және артистік шеберлік байқауын өткізу жоспарлануда. Оған Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Ерболат Перизат қатысады.
Айта кетейік, жастар саясаты саласындағы ШЫҰ-мен өзара іс-қимыл ШЫҰ Жастар кеңесі аясында жүзеге асырылуда. ШЫҰ жастар кеңесінде ҚР Ұлттық бөлімінің өкілдері Қазақстан жастар конгресі мен «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024