Қазақстандық дизайнерлердің бұйымдарын сататын жалғыз дүкен жабылып қалды
Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – 2014 жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істеген Experimentarium дүкені жабылып қалды. Дүкеннің негізін қалаушы және иесі Айнұр Кангужина дүкенді жабуға не себеп болғанын айтып берді.
Дүкенде қазақстандық және ортаазиялық дизайнерлердің киімдерінің, аксессуарларының кең ассортименті, сондай-ақ жиһаз, кітаптар мен журналдар ұсынылды. Бірінші дүкен Dostyk Plaza сауда орталығында 40 шаршы метр аумақта ашылған.
«Пилоттық іске қосу үшін бар болғаны 500 мың теңге жұмсадық, осы дүкенде бәрін өзіміз жасадық. Кейін сол сауда орталығында 110 шаршы метр ауданды жалға алдық. Осы дүкенге шамамен 30 мың доллар жұмсалды. Жоба көп пайда әкелмеді, бірақ өзін-өзі ақтады», - деді дүкеннің иесі.
Мәселе бір жыл бұрын бизнес жалдамалы менеджерге басқаруға берілген және дүкен тұжырымдаманы өзгерткен кезде басталған. Experimentarium сауда орталығынан Назарбаев-Қабанбай көшесіндегі стрит-форматқа көшкен, бірақ бұл істің жағдайын айтарлықтай нашарлатқан.
«Біз басқарушымен жұмыс істеуге тырыстық. Басқарушы қаржылық жоспарлауды дұрыс жүзеге асырмаған», - деді Айнұр Кангужина.
Дүкеннің жабылуына дағдарыс және сатып алу қабілетінің төмендеуі де себеп болған.
Experimentum-мен 150 дизайнер бірлесіп жұмыс істеген, дүкеннің айналымы жылына 60-тан 120 млн теңгеге дейін болған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024