Қазақстандық ҮЕҰ немен айналысады және халыққа қандай көмек көрсетіп отыр?
Қазіргі уақытта қоғамдағы шырт мәселелерді шешу үшін мемлекет пен ҮЕҰ бірігіп жұмыс істеуі – маңызды, себебі жұмыла көтерген жүк – жеңіл болады. Үкіметтік емес ұйымның алғашқы қызметі кеңес одағынан басталған екен, алайда тәуелсіздіктен кейін ғана белсенді жұмыс істей бастады. Олар халықтың назарын қоғамдық және әлеуметтік мәселеге аударумен айналысады. Жастар, зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, босқындар, мүмкіндігі шектеулі жандар секілді осал топтар бар. Осындай санатқа мемлекет жетіспейді, сондықтан көбінесе үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Қазір есімі үнемі аталатын танымал көсбасшылар бар. Жасырмаймыз. Алайда, олардың көлеңкесінде проблемасын мемлекетке жүктемейтін жандар көп. Қарапайым адамдардың тұрмысынын ойлап, халыққа көмектесіп жатқан адамдарды көріп жатсаң қуанасың.
Нағыз патриот
Үкіметтік емес ұйымдар – еліміздің жанашырлары. Қазақстанда 37 жуық экологиялық проблемалармен жұмыс жасайтын ұйымдар бар екен. Бұл 2018 жылдың дерегі. Экологиялық белсенділер арасынан Сергей Васильевтің еңбегі жайлы айтсақ болады. Ол Алматы қаласындағы Қарасу өзенінің табиғатын қайта жандыруға көмектесті. Біздің қоғам табиғаттың жағдайына бейтарап қарайды, себебі мемлекеттің міндеті деп есептейді. Бұл кеңес одағынан қалып кеткен стереотип. Сергей Англияда оқып жүргенде халық тұрғындарының әрдайым бірлесіп, бірге демалып, ортақ комюнити орнатуына үйреніп қалған. Осындай әсерге үміттеніп, аудан тұрғындарын жинады. 120 адам шақыруға үн қатса, 20 белсенді атсалысып көмектесті. Олар 2,5 гектар «балшықты» су қоймасын және оның жағалауларын қоқыстан тазалады. Шіркеудің бойына қорық пен саябақ құрды. Халық тұрғындарына комюнити алаңын құрастырды. 2017 жылғы саяхаттауға арналған елдердің тізімінде Қазақстан Қарасу көлінің суретімен 26 орынды иеленіпті. Бұны New York Times газеті (https://www.nytimes.com/interactive/2017/travel/places-to-visit.html?hp&action=click&pgtype=Homepage&clickSource=story-heading&module=photo-spot-region®ion=top-news&WT.nav=top-news&_r=1) mustvisit жерлердің бірі деп жариялаған. Сергейді осы сурет жобаны бастауға түрткі болған екен.
Ел болашағы – жастар
Бүгінгі күн де, , болашақ та жастардың қолында. Қоғамның қозғаушы күші жастар болғандықтан,олардың жағдайын кейінге қалдыруға болмайды. Үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі осы мәселеге көңіл бөледі. Мәселен, жетім, көп балалы және толық емес отбасындағы балаларға көмек бағыты бойынша – 17, ал жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау бағытында – 108 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Бізге мәлімі - МИСК(Қазақстанның жастар ақпарат қызметі). Бұл ұйым Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүр. Жалынды жастардан құралған. Осы уақытқа дейін "ZhasCamp, азаматтық білім беру мектебі, адам құқығы мектебі, Парламентке саяхат, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, жастар саясаты туралы Заң, жас сайлаушылар Лигасы, қазақстандық тағылымдамалар бағдарламасы, тірі кітапхана, Youth Spark Live, үй кеші» секілді қызықты жобаларды іске асырады екен.
Тағы бір күн-тағы бір мүмкіндік
Мүгедектігі бар жандарды қоғамнан шектемеу керек. Әр адам күнделікті тіршілігін ойлап, көп нәрсеге мән бермейді. Сол баяғы кептеліс. Тимирязев көшесінің бойындағы жаңа ережелер. Инстаграмдағы жаға ұстар жаңалықтар. Сол ғана уайым. Ал ерекше жандарды қандай мәселе мазалайды? Әрбір күнін бағалап, ризашылық жасаудан шаршамайды. Сандардың айтуынша, Қазақстанда 662544 мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Жалпы, мемлекет оларға әлеуметтік көмек көрсетеді. Мемлекеттік жәрдемақы, арайы есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді. Сонымен қатар, елімізде халықты әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша 144 жуық үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Мемлекет ерекше жандарды жұмыспен қамтиды, алайда (https://zhasalash.kz/581/) осы тақырыпта зерттеу жасап жүрген журналист Аян Қалмұраттың айтуы бойынша, «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Қазына» сияқты ірі компаниялар мүгедек жандарды жұмысқа алуға құлықсыз. Іскерлігі мен біліктілігі қанша жоғары болса да, кей компаниялар шай-кофесін еркін әкеп беретін қызметкерлерге басымдық береді. Ал,мүгедектігі бар жандардың құқықтары бойынша Вениамин Алаев үлесін қосқан екен. Ол қоғам белсендісі, құқық қорғаушы, Алматы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, К. Иманалиев атындағы Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы.Оның ұйымы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналысады. Вениаминнің және өзге де құқық қорғаушылылардың қатысуының арқасында 2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын қабылдады. Бұл барлық мүгедектігі бар жандар үшін жақсы жаңалық.
Үміт пен сенім
Мамандардың айтуынша, инклюзивті балалар психологиялық тұрғыда өздерін қоғамның бөлігі ретінде сезінбейді. Көбінесе өздерін қоғамға қажетсіз санайды. Ал бұл дамуына, тіпті өмір сүруге ынтасын жоғалтады. 2017 жылғы көрсеткішке сенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің саны - 147396 жетіпті. Әрине, инклюзивті жандарға көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан, қоғамдық ұйымдар тарапынанда. Мәселен, «Дара» Қайырымдылық қоры арнайы қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек көрсетеді. Ол үшін ата-аналар клубы құрылып, айына 2-3 рет бас қосып тұрады екен. Осындай жобалармен Мама Про орталығыда айналысады екен. Қазіргі таңда олар ерекше назардағы балапандарға көмегін тигізіп отыр. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған әйел-келіншектерге негізделген. Жоба – ерекше балалардың аналарына арналған екен, атап айтқанда, туа бітті сал ауруы(ДЦП) және даун синдромы. Арнайы жабдықталған орталықтан тек тренинг ала қоймай, бизнес бастаудың амалдарын қарастырып, аналардың арасында жылы коммуникация орнатады. Бір біріне демеу болып, қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Астана қаласында тек жүзеге асырып отыр, болашақта Алматы, Атырау және басқа да қалаларында орталығын ашпақ.
Шеберлікке шек жоқ
Алматы қаласында түрлі жоба іске асырылып жатыр. Әр түрлі жобалар, қойылымдар, Арбат бойындағы музыка. Жалынды жастардың ұйымдастыруымен қызықты жобалар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – көршілер театры. Тастақ ауданының тұрғындары сахна соғып, аудан мәселелерін тақырыптық әңгімелер арқылы талқылайды және тұрғындары өзінің оқиғаларымен бөліседі екен. Олардың айтуынша, тығыз орналасқан ауданда ұйқыдан басқа ештеңе күтпейді, сондықтан, бір жұдырықтай жұмылған аудан тұрғындары осындай мәдени орта болуы керек деп шешіпті.
Елімізде 22000 астам астам ҮЕҰ тілкелген екен, бірақ оның 14000 ғана (https://reestr.infonpo.kz/web/guest/otkrytyj-reestr) жүзеге асып жатыр. Жалпы бұл ұйым көмегін тек осал жандардың мәселесімен шектемей, оған қоса азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік сұрақтар,демография проблемаларын шешу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту,халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу, отбасы-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу секілді бағыттар бойынша көмектеседі екен. Жалпы ұйымдардың мақсаты – түскен кірісті белгілі мақсатпен қолдану. Бұл мақала жарнама үшін емес, керісінше белгілі жағдайға тап болған жандарға анықтама құралы ретінде жазылған, сондықтан біріміз - мойын, біріміз - бас болып іспен көрсетейік.
Ақпарат көзі: factcheck.kz
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024