Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық экспорттың құны 9,5%-ға қымбаттады

Қазақстандық экспорттың құны 9,5%-ға қымбаттады

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-шілдеде экспортталатын тауарларға баға – 9,5%, импортталатындарға 3,2%-ға жоғарылады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Есеп беріліп отырған аралықта экспорттық тасымалдың ішінде бағаның көтерілуі мыста – 17,9%-ға, мұнайда 14,2%-ға, марганецвые кенінде 13,5%-ға, алюминийде 10,3%-ға, қара металлдар прокатында 8,4%-ға, табиғи газда 7,4%-ға, мыс кенінде 6,9%-ға, ферроқұймаларда 6%-ға, қорғасында 4,8%-ға, көмірде 3,1%-ға байқалса, мырышта 2,4%-ға төмендегені белгілі болып отыр.

Сонымен қатар, арпаның бағасы 13,4%-ға, мақта 6,2%-ға, бидай 3,7%-ға қымбаттап, жүннің бағасы 0,7%-ға арзандағаны анықталды.

Импортталатын тауарлардың ішінде темекі 15,6%-ға, жемістер мен жаңғақтар 11,2%-ға, құс еті мен балық 6,4%-ға, шай 5,9%-ға қымбаттаса, күнбағыс майы 4,5%-ға, қант 3,6 пайызға, маргарин 3%-ға, макарон өнімдері 2%-ға арзандаған.

Аяқ киімдердің бағасы 23,4%-ға, қағаз 10,4%-ға, пластмасса 8,1%-ға, тігін бұйымдары 5,9%-ға, бояулар мен лактар 0,9%-ға көтерілген.

Похожие материалы