Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында қазақстандық кино, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар мен музыкалық жазбалар өндірісіне 12,2 млрд теңге табыс келді.
Егер 2018 жылдың үш айындағы деректермен салыстырсақ, продакшн-студиялар мен прокатшылардың түсімі 32,4%-ға өсті.
Бұл ретте соманың жартысы кинотеатрларға тиесілі. Фильмдерді көрсету қызметі үш айда 6,1 млрд теңге әкелді. Нарықтың өсуі 25,6%-ды құрады.
Фильмдер мен теледидар өнімдері өндірісіндегі компаниялар 3,2 млрд теңге (өсім 8,6%) тапқан. Кинофильмдер мен телебағдарламаларды таратушылар өз табысын 2,5 млрд теңгеге дейін, екі есеге ұлғайтты. Ал пост-продакшнмен айналысатын компаниялар 293,3 млн теңге (өсім 4,5 есеге) табыс тапты.
Бұдан басқа, дыбыс жазу студиялары түсімді 44,5%-ға төмендеткен: 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 125,3 млн теңгеден 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 69,4 млн теңгеге дейін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024