Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық ломбардтарда қарыз беру заңмен реттеледі

Қазақстандық ломбардтарда қарыз беру заңмен реттеледі

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков ҚР Парламенті Мәжілісінде азаматтардың тұтынушылық кредиттеу тәуекелдерін шектеуге мүмкіндік беретін заң жобасын таныстырды.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының орынбасары бүгінгі күні тұтынушылық қарыз шамамен 5 млн адамда бар екенін айтты. Олардың жалпы берешегі 4 трлн теңгеден асады. Әрбір қарыз алушының берешегі орташа алғанда 800 мың теңгені құрайды.

«Халықтың борыштық жүктемесінің бақыланбайтын өсуін болдырмау мақсатында барлық кредиттеу субъектілеріне қатысты тиісті реттеу және қадағалау құралдарын енгізу талап етіледі», - деп хабарлады ол. 

Тұтынушылық кредиттер портфелінің неғұрлым белсенді өсуі реттелмейтін секторда байқалады – бұл онлайн-кредиторлар, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар. Сонымен қатар, азаматтардың көп кредит алуы ұлғаюда, реттелмейтін субъектілер тарапынан қарыз алушылардың мүдделері бұзылуда, халықтың әлеуметтік осал топтарының жауапсыз кредиттелуде.

«Аталған проблемаларды шешу үшін қадағалау органының реттеу ауқымына кредиттеудің барлық субъектілерін енгізе отырып, оны кеңейту ұсынылады. Ұсынылатын тәсілдерде банктік емес кредиттік ұйымдарды реттеудің сараланған жүйесін енгізу көзделеді», - деді О.Смоляков.

Ол сонымен қатар Қазақстан азаматтарына қарыз беру бойынша кез келген қызмет жаңа қадағалау органының толық реттеу аясында болатындығын атап өтті.

«Кредиттік серіктестіктердің, ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының (оның ішінде онлайн-кредиторлардың) кредиттік қызметі қолданыстағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заңның негізінде микроқаржылық қызмет ретінде айқындалады», - деп атап өтті О. Смоляков.

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары заң жобасында аталған әрбір субъектінің жұмыс істеп тұрған бизнес-үлгісін өзгерту көзделмейді, тек қызметтің нақты түріне тән тәуекелдерге байланысты талаптар енгізіледі деп атап өтті.

«Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын әмбебап талаптарда микрокредиттерді беру қағидаларының болуы, кредиттік бюроға ақпарат беру міндеттілігі, КЖ/ТҚҚ саласындағы талаптарды сақтау міндеттілігі қамтылады», - деп атап өтті сөзінің соңында О. Смоляков.

Похожие материалы