Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан мұнайы 0,6%-ға қымбаттады (2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда) және тоннасына 61,5 мың теңгеге жетті.
Бұл ретте жыл басынан бері мұнай бағасы 6,7%-ға төмендеді.
Статистикалық комитеттің мәліметтеріне сәйкес, мамыр айында Қызылорда мұнайы қымбат болды. Осы өңірдегі шикізаттың тоннасы 83,9 мың теңгеге бағаланды (2,3% төмендеу).
Өз кезегінде Ақтөбе мұнайы жыл басынан бері 1,3%-ға (тоннасына 75,6 мың теңгеге дейін), Маңғыстау мұнайы – 4,8%-ға (тоннасына 54,7 мың теңгеге дейін), ал Атырау мұнайы - 9,7%-ға (тоннасына 59,6 мың теңгеге дейін) арзандады.
Сондай-ақ, мамыр айында бензиннің тоннасы орта есеппен 129,4 мың теңге болды. Бір айда отын 0,6%-ға арзандады (2,8 мың теңгеге). Ал бес ай ішінде бұл ЖЖМ тоннасының құны 12,1%-ға арзандады.
Ал дизель отыны бес айда 0,7%-ға 172,7 мың теңгеге дейін қымбаттады. Ал мазут 1,6%-ға 71,9 мың теңгеге дейін төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024