Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» ("World’s Top 2% Scientists") рейтингіне енді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырған. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және кейінгі жылдағы дәйексөздері алынады.
Сәрсенбек Монтаев кейінгі жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы.
Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024