Алматы. қыркүйек. 7kun.kz – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы отандық туризмді дамытудың бір қадамы ретінде квест-ойынды іске қосады. Бұл туралы компания төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов 7kun.kz тілшісіне айтты.
Оның айтуынша, квест «Pokemon Go» ойыны негізінде әзірленеді. Ойын барысында Қазақстанның киелі жерлеріне барып қана қоймай, ұпай жинап, «хан» деңгейіне дейін өсе алады. Содан кейін барлық ұпайды түрлі туристік нысандарда жеңілдікке айырбастауға болады.
«Біз квест әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Ойыншыларға ұпай беріледі. Мысалы, Ұлытауға немесе басқа киелі жерге «барғаны» үшін ұпай жинайды. Квест-саяхаттың кеңеюіне қарай ұпай саны артады. Ұпайлардың шартты атауы - «алтын». Алтындарды түрлі жеңілдіктер бойынша ауыстыруға болады. Мысалы, әуе компаниясы эконом-класс орнына бизнес-класс береді немесе жүкті тегін жеткізеді. Ұпайлардан басқа, әрбір ойыншының жеке мәртебесі болады. Ойынның басында сіз «Ұлан», содан кейін «сұлтан» болып, «хан» деңгейіне дейін өсуіңізге мүмкіндік бар. Мұндай ойыншыларға арнайы жеңілдіктер беріледі», - деді спикер.
Ұлттық компания төрағасының орынбасарының айтуынша бұл үшін барлық қасиетті орындардың электронды нұсқасын әзірлеу қажет.
Қайрат Сәдуақасов бұл жоба-туризмді дамыту шараларының бірі, дейді. Өйткені жоба жастарды жаңа технологиялардың көмегімен туризм туралы білумен қатар, еліміздің киелі жерлеріне баруға қызығушылықты арттырады.
«Әрине, барлық мәселелерді бір ойын шешпейді. Әлеуметтік жарнаманы күшейту қажет. Аймақта туризмге жауапты адамдар басқа өңірлерге барып, өз өңірінде туристік орындарды жарнамалауға болады. Көп туристерді тарту керек. Жалпы, біз бұрын ішкі туризмді бірыңғай нарық деп санадық. Бұл олай емес. Ішкі нарықта да бәсекелестік бар. Мысалы, Астана туристерді көбірек тарту үшін Алматымен бәсекелеседі. Бәсекеге Шымкентте қатысады, Маңғыстау да бар. Егер өңірлер халыққа көбірек ақпарат беретін болса, ішкі туризм жанданады», - деді «Kazakh Tourism» өкілі.
Айта кетейік, қазіргі кезде еліміздің туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы жүзеге асуда. Мұның аясында киелі жерлерді таныту мен рухани туризмді дамыту басым бағыттың бірі.Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024