Астана. 11 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстандықтар 3 наурыз айынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы Премьер-министр орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды.
«3 наурыздан бастап банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталады», – деді министр үкімет отырысында.
Заңда 3 түрлі рәсім көзделген. Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Шарттары келесідей:
- борыш 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспайды;
- кредит 12 ай бойы өтелмеген болса;
- меншігінде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмаған жағдайда;
- банкпен реттеу жүргізілгеннен кейін.
Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 6 ай ішінде және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар көзделген.
«Соттан тыс банкроттық «электронды үкімет» порталында басталады. Содан кейін ақпарат жүйесі арқылы борышкердің критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізіледі», - деді ол.
Екінші рәсім – сот банкроттығы. Сот банкроттығының мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Бұл рәсімді қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына жұмыс істеп тұрған әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң кеңесшілері мен аудиторлар кіреді.
Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, онда сот арқылы борышты бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігі көзделеді. Оның артықшылығы - азамат «банкрот» деп саналмайды. Оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.
Сондай-ақ Қаржы министрі банкроттықты рәсімдеудің салдары да болатынын айтты. Олар келесідей:
- 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу;
- банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;
- 3 жыл бойында қаржы жағдайының мониторингі.
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024