Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттың орнына 10 сағат жұмыс істейтін болады

Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттың орнына 10 сағат жұмыс істейтін болады

Нұр-Сұлтан. 8 қыркүйек. 7kun.kz – Төрт күндік жұмыс аптасына ауысқанда жұмыс күнінің ұзақтығы артады. Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы туралы норма 2015 жылдан бастап бар. Алайда жақында министрлікке төрт және бес күндік жұмыс апталарының ауысуын заңнамалық түрде бекіту туралы өтініштер түскен.

Жұмыс аптасының міндетті ұзақтығы 40 сағатты құрайды. Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтардың жекелеген санаттары үшін норма 36 сағат.

«Төрт күндік жұмыс аптасына сәйкес, қалған жұмыс сағаттары төрт күнге қосылады, яғни 8 сағаттың орнына 10 сағат жұмыс істейтін болады», – деді ол.

Төрт күндік және бес күндік аптасында бірыңғай демалыс жексенбі болады. Қалған демалыс күндерін кез-келген басқа күндерге белгілеуге болады. Министрлік өкілінің айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасы демалыс пен мереке күндеріне әсер етпейді.

Похожие материалы