Қазақстандықтар доллар мен рубль сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда айырбастау пункттерінде доллар 197,6 млрд теңгеге (2021 жылдың ақпанында + 70,7% және 2022 жылдың қаңтарында + 10,4%), рубль - 75,4 млрд теңгеге (+ 58,7% және -6,8%), еуро – 19,1 млрд теңгеге (-10,7% және -15,4%), юань – 51,7 млн теңгеге айырбас жасалған.
Қазақстандықтар ақпанда шетел валютасын 292,2 млрд теңгеге (+58,2% немесе 107,5 млрд теңгеге және +3,4% немесе 9,7 млрд теңгеге) сатып алды.
Өңірлер бойынша сатылған америкалық валюта көлемі бойынша Алматы бірінші орында тұр. Өткен айда мегаполисте 81,2 млрд теңгеге доллар сатып алынды (2021 жылдың ақпанына қарағанда +99,8%). Ал осы жылдың қаңтар айында америкалық валюта 56,7 млрд теңгеге сатылған. Шымкентте долларға 30,8 млрд теңге (-13,3%), Нұр-Сұлтанда – шамамен 13 млрд теңге (+242,6%), ал Маңғыстау облысында – 11,8 млрд теңге (+125,7%) жұмсалды.
Долларды айырбастау көрсеткіші ең аз Солтүстік Қазақстанда болды. Онда америкалық валюта 1,7 млрд теңгеге, ал Ақмола облысында 1,5 млрд теңгеге сатып алынды.
Сонымен қатар, рубль Нұр-Сұлтанда – 14,8 млрд теңгеге, ШҚО-да – 10,2 млрд теңгеге және БҚО-да – 6,7 млрд теңгеге сатып алынды. Ресей валютасын ең аз айырбастау көрсеткіші Жамбыл (638,7 млн. теңге) және Түркістан облыстарында (227,7 млн. теңге) тіркелді.
Ал еуро ең көп Алматыда – 5,7 млрд теңгеге, Нұр-Сұлтанда – 3,9 млрд теңгеге және Шымкентте – 3 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды. Өз кезегінде Ақмола облысында бұл валютаға 138,4 млн теңгеден астам, ал Түркістан облысында – 132,3 млн теңге жұмсалды.
Сондай-ақ, юань ақпанда Алматыда 45,3 млн теңгеге, ал Нұр-Сұлтанда 2,6 млн теңгеге сатып алынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024