Қазақстандықтар ақпанда төлем карталары арқылы 8,5 трлн теңгеге 600,2 млн төлем жасаған
Қазақстандықтар 2022 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы 56,3 трлн теңгеге 5,7 млн транзакция жүргізген. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.
«2022 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 56,3 трлн теңгеге 5,7 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда саны бойынша 35,8%-ға, сомасы бойынша – 7,1%-ға ұлғаю байқалады). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 2,8 трлн теңгеге 284,2 мың транзакция жүргізілді», – делінген ҰБ хабарламасында.
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, 19 банк пен «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 56,9 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы ақпанда төлем карточкаларының 51,2%-ы (29,1 млн төлем карточкасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.
Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2022 жылғы ақпанда 8,5 трлн теңгеге 600,2 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда транзакциялар саны 31,5%-ға, сомасы – 26,8%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 96,8% (580,9 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 81,2% (6,9 трлн теңге) болды.
«2022 жылғы ақпанда халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 69,4 млрд теңгеге 0,2 млн аударым болды. Ақша аударымдары көлемінің өсуі 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 36,6% болды. Жіберілген аударымдардың жалпы көлемі ішінен транзакциялардың жалпы санының 72,6%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасының 90,4%-ы (62,8 млрд теңге) Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 27,4%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасының 9,6%-ы (6,6 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 18,0 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды», – деінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024