Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар азық-түлік бағасын қадағалайтын болады

Қазақстандықтар азық-түлік бағасын қадағалайтын болады

Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов онлайн-платформаны іске қосуды ұсынды, оның көмегімен қазақстандықтар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылай алады, сонымен қатар баға мониторингіне тікелей қатыса алады.

«Бүгінгі таңда Статистика комитеті апта сайын сейсенбіде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын жинайды. Ресми статистика әр бейсенбі сайын жарияланады. Деректерді жинау 2011 жылдан бастап қолмен жүргізілуде. Сонымен қатар, дамыған елдерде халық баға мониторингіне қатысады. Яғни, кез келген азамат тауардың бағасын суретке түсіріп, статистика түсетін арнайы сайтқа жібере алады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің пікірінше, жүйені құру өңірлер мен нақты дүкендер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік береді.

«Біз бұл жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.

Похожие материалы