Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандықтар 19 айда 5,5 мың алтын құймасын сатып алды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
2017 жылдың 31 мамырынан бастап 2018 жылдың 21 желтоқсанына дейін жалпы салмағы 204,5 кг алтын 5 493 құйма сатылды. Олардың ішінде қомақты үлес банктерге тиесілі, олар жалпы салмағы 204,2 кг болатын 5 476 алтын құйма сатқан.
2018 жылдың 30 қарашасынан бастап айырбастау пункттері алтын шағын құймаларды сатуға мүмкіндік алды.
«Осы кезеңде аталған ұйымдар жалпы салмағы 330 грамм болатын 17 құйма сатқан. Алдағы уақытта шағын құймаларды сату көлемі артады деп күтілуде», - делінген хабарламада.